"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 4 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

  

Мектепке бару кестесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаңызға қауіпсіз демалысты қамтамасыз етіңіз!!!

01.11.2021

Күзгі демалыстың басталуымен біздің балаларымыз жолдарда, су қоймаларында, орманда, ойын алаңдарында, аулаларда қауіпті болуы мүмкін. Бос уақыттың болуы, балалардың қызығушылығы, ең бастысы ересектердің тиісті бақылауының болмауы жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін.

- Балалардың жолдың жүру бөлігіне шығуына жол бермеңіз. Балалардың жол қозғалысы ережелерін сақтауын қатаң қадағалаңыз. Балаларға қауіпсіз және реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерін тағы бір рет көрсетіңіз, жол ережелерін еске түсіріңіз. Автокөлікпен жүру кезінде әрқашан балаларды қауіпсіздік белдіктерімен бекітіңіз. - Сіздің бақылауыңызсыз балалардың көшеде болуына жол бермеңіз. Кәмелетке толмағандарға ересектердің қарауынсыз 22 сағаттан кеш тұруға рұқсат бермеу.

- Балаларға су қоймаларының жанында болуға рұқсат бермеңіз, балалардың мұзға шығуына жол бермеңіз.

- Балаларыңызға өрт қауіпсіздігі ережелерін және тұрмыстағы қауіпсіздік техникасы ережелерін, Төтенше жағдайлар кезіндегі мінез-құлық ережелерін еске түсіріңіз. Балаларыңызды жедел телефон нөмірлерінің, жақын туыстарыңыздың телефон нөмірлерінің қажетті тізімімен қамтамасыз етіңіз.

Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау - ересектердің басты міндеті.

Балаңызға қауіпсіз демалысты қамтамасыз етіңіз!!!

Просмотров: 521


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст