27 03 2026 ж «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті.
Тақырыбы: «Цифрлық білім беру ресурстары арқылы оқушылардың мотивациясын арттыру».
Мақсаты – цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану арқылы математика сабақтарында оқушылардың оқу мотивациясын арттыру жолдарын көрсету, заманауи құралдармен таныстыру және тәжірибе алмасу.
Семинар барысында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
Шығармашылық зертхана
«Белсенді оқыту әдістері арқылы математика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру»
(Нурмаганбетова Н.А.)
Мастер-класс
«Цифрлық білім беру ресурстары арқылы математика сабақтарында оқушылардың ынтасын арттыру»
(Хаметова А.М.)
Практикум
«Заманауи сабаққа арналған сандық құралдар»
(Бартусевич Л.В.)
Семинар барысында педагогтар тәжірибе алмасып, заманауи оқыту тәсілдерін талқылады.


