"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 4 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

  

Мектепке бару кестесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудан деңгейінде инклюзивті білім беру мамандары үшін білім беру бөлімінің әдіскерімен бірлесіп

Бурабай ауданы бойынша инклюзивті білім беру мамандарына арналған аудандық деңгейде мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған семинар өтті. Семинар әдіскер, Абенова Гуляйм Аубакировна, жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Семинар барысында ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар балаларды оқыту мен сүйемелдеудің өзекті мәселелері қарастырылды.
Күн тәртібіндегі тақырыптар:
— «Инклюзивті оқытуды ұйымдастыру: нормативтік-құқықтық база және тәжірибе. ЕБҚ бар балаларды сүйемелдеудегі оқу ісі жөніндегі орынбасардың рөлі» (Сырымбетова Д.У., Тастенова Р.М.)
— Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тәжірибесі (Райс О.М.)
— «Сөйлемейтін баланы қалай сөйлетуге болады?» Сөйлемейтін баламен жұмыс кезеңдері (Рощина Е.Н.)
— ЕБҚ бар балаларды сүйемелдеудегі педагог-ассистенттің рөлі (Кротова И.С.)
— ЕБҚ бар балалардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы тұтас емес мәтіндерді қолдану (Голубь А.В.)
— Әлеуметтік педагогтің сүйемелдеу жүйесіндегі рөлі (Борзова Т.А.)
— ЕБҚ бар балалардың ұсақ моторикасы мен қиялын дамыту (Абдилова А.С.)
— ЕБҚ бар балаларды музыкалық оқыту әдістері мен тәсілдері (Киселевич Е.А.)
— Психологиялық тренинг (Кротова И.С., Габитова Е.А., Хамидуллина Н.Д.)
Семинар кәсіби тәжірибе алмасу, тиімді әдіс-тәсілдерді талқылау және мамандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды. Қатысушылар өз жұмыстарына қажетті құнды әдістемелік ұсыныстар алды.
Барлық спикерлерге кәсібилігі мен инклюзивті білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!

Смотреть видео

       

       


Текст