Текст
2026 жылғы 21 қазанда бракераж комиссиясы мектеп асханасының ас блогын қарады. Комиссия тоңазытқыш жабдықтарын қарап, азық-түліктің жарамдылық мерзімі мен сақталу жағдайларын, тауарлық көршілестік талаптарының сақталуын, тағам дайындау және ыдыс жуу процестерін, сондай-ақ «Диахлор» дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің дайындалуын тексерді. Дайын тағамдарға органолептикалық бағалау жүргізіліп, порциялар бақылау мақсатында өлшенді. Ыдыстардың бүтіндігі, кесу тақтайлары мен асүй құралдарының таңбалануы тексерілді.



