Ұйымдар тізімі
3 сыныпта «Екінші топ әріптерімен буындар мен сөздерді оқу және жазу. Теңізге саяхат» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақты мұғалім Райс О.М. және педагог-ассистент Хамидуллина Н.А. қызықты саяхат форматында ұйымдастырды. Оқушылар «аралдан аралға» тапсырмалар орындап, белсенді қатысты.
Сабақтың мақсаты:
3.3.8.1 – мұғалімнің көмегімен әртүрлі күрделіліктегі буындарды тану және оқу;
3.3.9.1 – қысқа сөздердің тұтас бейнесін еске түсіру (глобалды оқу).
Оқушылар па, по, пи, пы, пю буындарын оқып, жазу дағдыларын бекітті. Көрнекіліктер мен ойын элементтері арқылы әр бала өз мүмкіндігіне сай жұмыс жасап, жетістікке жетті.
Ашық сабақ жылы, қолайлы атмосферада өтіп, мұғалім мен педагог-ассистенттің үйлесімді жұмысы көрініс тапты.
Әріптестерімізге шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!



«Жалпы білім беру» коммуналдық...