"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 4 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

  

Мектепке бару кестесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылдың 6 қаңтарында мектепте педагогикалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Педагогикалық кеңес отырысы өтті

Мектепте 2025–2026 оқу жылының I жартыжылдығы бойынша білім беру, тәрбиелік және әдістемелік жұмыстардың өзекті мәселелері қарастырылған кезекті педагогикалық кеңес отырысы өтті.

Педагогикалық кеңесті мектеп директоры Қалиева Г. Т. ашып, «Педагогикалық әдеп» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол педагогтің кәсіби мәдениеті, қарым-қатынас әдебі және білім беру үдерісіндегі жауапкершілігінің маңыздылығына тоқталды.

2025–2026 оқу жылының I және II тоқсандарының қорытындысы бойынша салыстырмалы талдау туралы оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Шаймерденова А. Р. баяндама жасап, оқушылардың үлгерімі мен білім сапасының динамикасын таныстырды.

II тоқсан қорытындысы бойынша тәрбие жұмысына талдау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ибраева Б. А. және Шалагина Е. Г. тарапынан ұсынылды. Баяндамада өткізілген іс-шаралардың нәтижелері, тиімді тәжірибелер мен тәрбие жұмысын жетілдіру бағыттары атап өтілді.

Инклюзивті білім беру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің меңгерушісі міндетін атқарушы Сырымбетова Д. У. инклюзивті білім беру онкүндігінің өткізілуіне талдау жасап, оның мектепте толерантты, қолдаушы және қауіпсіз орта қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, I жартыжылдықтағы мамандардың жұмыс қорытындылары тыңдалды.
Мектептің вожатасы Магзямова А. Р. оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуға және әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған жұмыстары туралы есеп берді.
Кітапханашы Токарь Т. А. мектеп кітапханасының жұмысы, оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға арналған іс-шаралар жөнінде баяндады.

Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер мен даму бағыттары айқындалды.

       

       

       


Текст