"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 4 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

  

Мектепке бару кестесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепте алғаш рет - "Голографиялық шоу"!

Мектебімізде алғаш рет — «Голографиялық шоу» өтті!
1 және 3  сынып оқушылары таңғажайып әрі танымдық голографиялық шоуды тамашалап, ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді 
Голографиялық әсер заманауи технологиялардың көмегімен жасалды: жарықдиодтар орнатылған желдеткіштің жоғары жылдамдықпен айналуы нәтижесінде ауада қалықтап тұрғандай көлемді 3D бейне пайда болды. Балалар үшін бұл нағыз сиқыр секілді әсер қалдырды 
Көрсетілім барысында оқушылар үш түрлі уақыт кезеңіне «саяхат жасады»:
Өткен шақ — динозаврлармен танысып, олардың тіршілігі, қоректенуі және мекен ету ортасы туралы білді, сондай-ақ таңғажайып су асты әлемін көрді.
 Қазіргі заман — бүгінгі таңда қолданылып жүрген көліктер, компьютерлер мен телефондардың қалай жасалғанын білді.
 Болашақ — роботтар, ұшатын көліктер мен инновациялық технологиялар әлемін тамашалады.
Оқушылар көрсетілімді үлкен қызығушылықпен тамашалады. Бұл шоу балаларды тек қуантып қана қоймай, олардың дүниетанымын кеңейтті 

Смотреть видео

       

       


Текст