Ұйымдар тізімі
Мектебіміздің ұжымы көрсеткен көмектері үшін кең жүректі, мейірімді жандарға шынайы алғыс білдіреді.
Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында оқушыларымызға дамытушы, білім беретін ойыншықтар табысталды. Қазіргі таңда бұл ойыншықтар сабақ барысында белсенді қолданылып, балалардың ойлау қабілетін, зейінін, ұсақ моторикасын және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға үлкен септігін тигізуде.
Ең бастысы – бұл ойындар балаларымызға зор қуаныш сыйлап, олардың білімге деген қызығушылығын арттыруда. Сабақ үстінде балғындардың шат күлкісі мен қуанышты жүздерін көру – біз үшін үлкен бақыт.
Жасаған жақсылықтарыңыз бен жанашырлықтарыңыз үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық, амандық және игі істеріңіздің көп болуын тілейміз!
Құрметпен,
мектеп ұжымы







«Жалпы білім беру» коммуналдық...